-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жағажай жаңа кейіпке енеді

    24.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Мәдениет, Өңір тынысы, Туризм және саяхат, Экономика
    Жағажай жаңа кейіпке енеді
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Облысымызда туризм саласы даму үстінде. Биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында өңірге 34 мың адам туристік сапармен келген. Өткен жылдың 9 айында келушілер қатары 1596 адамды құраған. Ішкі туризм 13%-ға өсіп, демалушылар 1,1 млн адамға жуықтаған. Бұл туралы Өңірлік комуникация қызметінің ақпараттық алаңында «Алматы облысындағы туризм саласының қазіргі ахуалы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Айбар Теменов мәлім етті.

    – Алматы облысының туристік әлеуетін «Іле-Алатау», «Шарын», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Қапшағай су қоймасы, Балқаш көлі, Таңбалы петроглифтері, Талхиз қалашығы, Алматы тау кластері және басқа да көрнекті орындар құрайды. Басқарма өткен 9 ай ішінде Алматы облысының туристік кластерін қалыптастыру, туристерді тартуға бағытталған бірқатар іс атқарды. Алматы облысының «Visit Alatau» жаңа туристік бренді қабылданып, бекітілді. Туристік саладағы білікті мамандарды тарта отырып, Алматы облысының туризм саласының 2023-2026 жылдарға арналған мастер-жоспары әзірленді. Оған қосымша әр ауданның ерекшелігін және туристік әлеуетін ескеріп, жол картасының жобасы жасалды.
    Облыс бойынша 9 жаңа негізгі туристік орын айқындалды. Олар – Қапшағай су қоймасы, Алатау тау кластері, ұлттық саябақтар, жүзімдіктер, «Таңбалы» мұражай-қорығы, «Сокол» автодромы, Балқаш көлі, Хан Тәңірі шыңы және Шонжы ыстық бұлақтары.
    Туризм флагмандарының бірі Алматы тау кластері болып саналады. Осы орайда биыл 15 туристік аумақта 337 шақырым тау жолдарын жасау мен абаттандыру жұмысы басталды. Көлсай көлдерінің аумағындағы сервистің сапасын арттыру мақсатында ұлттық парктің жанындағы автотұрақтарды, қоғамдық тамақтандыру нысандарын және сауда дүңгіршектерін көшіру шаралар қолға алынып жатыр.
    Жалпы елімізде этно, эко туризмді дамытуға ниет білдірген кәсіпкерлерге туристік нысан мен жол бойындағы сервис үшін субсидия бөлу қарастырылған. Сонымен қатар, субсидияланатын санитарлық-гигиеналық тораптар тізбесі айқындалып, оларды күтіп ұстау үшін ай сайын 83 300 теңге көлемінде субсидия төленіп отыр.
    Алматы агломерациясы шеңберінде облыс аумағында 2028 жылға дейін 50 санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспарланған. Былтырдан бері инвесторларды тарту арқылы туризм саласының қызмет сапасын арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Жалпы сомасы 19 млрд теңгеге жуық 21 жеке инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде «Golden beach Kapshagai», «Makao Luxury Village» кешендерінің, «Көк Тау» тау шаңғы курортының құрылысы, «Шарын» ұлттық парк аумағында жаңа Sharyn-ның, Түрген шатқалында визит-орталықтарының, «SAF RESORT» шипажай-курортты сауықтыру кешенінің ашылуы сынды іс-шаралар қамтылған.
    Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша облыстың туризм саласындағы инвестиция көлемі 39,9 млрд теңгені құрады, бұл республика бойынша жоғары көрсеткіш.
    Өңіріміздегі қарқынды дамып келе жатқан туризмнің бірі – ол эко-этно және агро-туризм. Аталған туризм бағыттарын ілгерлету Жамбыл, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Кеген және Райымбек аудандарында баса назарға алынған, – деді басқарма басшысы.

    Бұдан кейін журналистер сауалына жауап берген Айбар Талғатұлы Қонаев қалалық жағажайын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айта кетті.

    – Бүгінгі таңда №7, №8 жағажайда абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Биыл 100 метр, келер жылы тағы 100 метр жерді жасау жоспарланған. Жалпы ол 4 шақырымға созылатын жұмыс. Абаттандыру болғаннан кейін сервистік мәселелер толықтай шешімін табады. Болашақта жағажайға келетен қонақтар, қала тұрғындары үшін барлық жағдай жасалады. Оның ішінде жағажайға жету, тамақтандыру, демалу, киім ауыстыру сынды жайттар қамтылған. Келесі жазғы маусымда мүлде жаңа жағажайды көретін боласыздар, – деді Айбар Теменов.

    Алма Есенбай,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Алматы агломерациясында жеңіл рельсті транспорт салу жайы талқыланды

    Алматы агломерациясында жеңіл рельсті транспорт салу жайы талқыланды

    2 years ago
    Науқастарға 507 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген

    Науқастарға 507 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген

    6 months ago
    Алматы облысындағы төтенше жағдай салдары жедел жойылды

    Алматы облысындағы төтенше жағдай салдары жедел жойылды

    2 years ago
    Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді

    Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді

    2 years ago
    Қайраткерге қараған сайын…

    Қайраткерге қараған сайын…

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.