Баланың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау әрбір ересектің жауапкершілігіне жатады. Отбасындағы жанжал мен зорлық баланың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан ата-ана мәселені күшпен емес, түсіністікпен шешуге тырысуы қажет. Баланы қорқыту немесе кемсіту тәрбиенің дұрыс тәсілі емес. Балаға құрмет көрсету – оның болашағына жасалған инвестиция.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ