Перейти к содержимому

Маңызды жалпыұлттық бастама

56 қаралым

         «Таза Қазақстан» – бұл қоршаған ортаны тазартуға бағытталған науқан ғана емес. Бұл – әрбір азаматтың туған жеріне деген жанашырлығын арттыратын, қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыратын және экологиялық мәдениетті орнықтыратын маңызды жалпыұлттық бастама.

         Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қалдықтарды белгіленген орындарға тастау, табиғатқа ұқыпты қарау – құқықтық мәдениеттің және азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі.

         Осыған байланысты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында санитарлық тазалық талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, ауылдық округ әкімдері өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға құқылы. Бұл өкілеттік Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 729-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

         Аудан тұрғындарын, жастарды, кәсіпкерлерді, қоғамдық ұйымдарды және барлық еңбек ұжымдарын «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырамыз. Туған жердің тазалығы әрқайсымыздан басталады. Әрбір тазаланған аула, әрбір жиналған қоқыс, әрбір көркейтілген көше – болашақ ұрпақ үшін жасалған игі іс. Бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырумен қатар, қоғамда заңға құрметті, тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін нығайтудың маңызды жолы.

Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі