Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Әр адамның күнделікті ұстанымына айналуы тиіс құндылық

Әр адамның күнделікті ұстанымына айналуы тиіс құндылық

48 қаралым

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясының орнығуы – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Азаматтардың заңды құрметтеуі және оны сақтауы қылмыстың азаюына, қоғамдық сенімнің артуына және әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал етеді. Бұл жоспар әрбір қазақстандықтың өз құқықтары мен міндеттерін түсінуіне және оларды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Қай кезеңде болмасын елдің қуаты оның табиғи байлығымен ғана емес, азаматтарының заңға деген құрметімен өлшенген. Өйткені заңды сыйлау – мемлекетті сыйлау, ал қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ жауапкершілікті сезінудің айқын көрінісі. Әрбір азамат заң талаптарын мүлтіксіз орындап, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқанда ғана қауіпсіз әрі дамыған қоғам қалыптасады «Заң мен тәртіп» – бұл жай ғана мемлекеттік ұстаным емес, ол қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің берік негізі. Заң үстемдік құрған жерде әділдік салтанат құрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сенімді қорғалады. Ал тәртіп орныққан ортада қоғамдық келісім нығайып, адамдардың болашаққа деген сенімі артады.
Бүгінде «Заң мен тәртіп» идеологиясы азаматтық мәдениеттің жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне жол ашып отыр. Бұл қағидат жастардың бойында жауапкершілік пен адалдық қасиеттерін қалыптастырып, құқықтық сананың нығаюына ықпал етеді. Заңға бағыну қорқыныштан емес, саналы түсінік пен ішкі мәдениеттен туындағанда ғана қоғамда шынайы тәртіп орнығады.
Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты – әр адамның күнделікті ұстанымына айналуы тиіс құндылық. Өйткені заңға құрмет көрсетілген жерде әділет салтанат құрып, тәртіп орныққан жерде елдің болашағы жарқын болмақ. Бұл – қауіпсіз қоғам мен қуатты мемлекеттің басты кепілі.

Жұман МЫҚЫБАЕВ,


Еңбекшіқазақ аудандық

ардагерлер кеңесінің төрағасы