Перейти к содержимому

Адалдық – қоғамның берік тірегі

34 қаралым

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастардың құқықтық сауатын арттыру және қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта 3 қыркүйек күні Қырғызсай ауылдық округінде жастар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары өтті.

Қырғызсай ауылдық округі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы Қаһар Мырзалиевтің бастамасымен өткен кездесуде жастарға сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуына тигізетін кері әсері мен оның елдің тұрақты дамуына, халықтың мемлекетке деген сеніміне кері ықпал ететіні түсіндірілді. Жастарға заң талаптарын құрметтеп, қандай жағдайда да адалдық пен әділдікті басты орынға қоюдың маңызы айтылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа немқұрайлы қарамай, заң бұзушылықтың кез келген көрінісіне қарсы тұрудың маңызы да түсіндірілді. Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – жастардың бойына адал еңбек, әділдік, жауапкершілік секілді құндылықтарды сіңіріп, жемқорлықсыз қоғам құруға өз үлесін қосатын саналы ұрпақ қалыптастыру.

Адалдықты ту еткен, заңды құрметтейтін ұрпақ – елдің жарқын болашағы. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы