Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ассортиментке бай «Омега-Специи» компаниясы

Ассортиментке бай «Омега-Специи» компаниясы

28 қаралым

    Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің аумағында орналасқан «Омега-Специи» компаниясының тарихы сонау 1998 жылдан басталады. Осы жылдар ішінде шағын құрылым өз өндірістік базасы мен өнімдердің кең ассортименті бар заманауи кәсіпорынға айналды.

    Бүгінде компанияда 150-ден астам адам жұмыс істейді. Өнімнің әрбір қаптамасының артында  технологтар, өндіріс және сапаны бақылау мамандары, өнімді өлшеп-орау және қаптау қызметкерлері, логистер, менеджерлер және басқа да көптеген маманы бар үлкен ұжымның еңбегі тұр.

    «Омега-Специи» ас әзірлеуге қажетті өнімдердің кең ассортиментін әзірлеумен, өндірумен және қаптаумен айналысады. Атап айтқанда, дайын тұздықтар мен дәмдеуіштер, кептірілген көк шөптер, сорпаға арналған қоспалар, тез дайындалатын сорпалар, кисельдер және басқа да аспаздық дәмдер әзірленеді.

    Ұсынылатын өнімдерде әрбір сатып алушыға таныс классикалық дәмдеуіштер және қоспалармен қатар, заманауи түрлі өнімдік шешімдер де ұсынылған. Компания кәсіби асүй мен HoReCa саласындағы кәсіпорындарға арналған өнімдер де шығарады. Бұл ретте ассортимент тұрақты бір қалыпта қалмайтынын ескеру керек. Себебі нарық өзгереді, тұтынушылардың талғамы мен қажеттіліктері де бір орнында тұрмайтыны белгілі. Осыған байланысты жаңа технологиялар мен қаптама түрлері де жетілдіріліп отырады. Сондықтан кәсіпорын жұмысының маңызды бағыттарының бірі – өнімдерді үнемі жетілдіру және жаңа шешімдерді іздеуге бағытталған. 28 жылдық жұмыс барысында компания тәжірибе мен кәсібилік заманауи өндірістік тәсілмен үйлесетін ұжым қалыптастырды. Яғни, кез келген өндіріс үшін тұрақты ұжым – үлкен құндылық екені әмбеге аян. Мамандардың жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі корпоративтік мәдениеттің бір бөлігіне айналып, жаңа қызметкерлерге беріледі.

– Бүгіндері Шаукат  Валиев жетекшілік ететін кәсіпорында 154 адам еңбек етеді, – дейді бас директордың өндіріс және кадр жөніндегі орынбасары  Наталья  Турдиева.  

– Жұмысшылар  арнайы киіммен, жеке сақтандыру құралдарымен қамтамасыз етілген. Қажет болған жағдайда ас мәзірлерін де дайындап  береміз. Сонымен қатар санитарлық-тұрмыстық бөлмелер,  спорт алаңдары да  жұмысшылар қызметіне лайықталып жабдықталған. Жайлы жұмыс орны мен тұрақты табыс қамтамасыз ететін кәсіпорында бүгіндері бір отбасына айналған үлкен еңбек ұжымы қалыптасып келеді.

    «Омега-Специи» 28 жылдан бері отандық тамақ өнеркәсібінің бір бөлігі ретінде қалыптасып отыр. Осы уақыт ішінде компания түрлі экономикалық кезеңдерден, нарықтағы өзгерістер мен тұтынушылардың талғамындағы өзгерістерден өтті. Бүгінде компания алдында жаңа міндеттер тұр. Атап айтқанда, заманауи нарыққа икемділікті, ассортиментті үнемі жаңартып отыруды, технологияларды жетілдіруді және сапаға ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осылайша,  «Омега-Специи» компаниясы озық тәжірибе, кәсіби команда және өз ісін терең түсіну құндылықтарын қалыптастыру арқылы дамудың жаңа белестерін бағындырып келеді.

   Ширек ғасырдан астам уақыт бұрын компания өз жолын сұранысқа ие өнім өндіру идеясынан бастады. Бүгінде осы идеяның артында жылдар бойы жинақталған тәжірибе, кәсіби ұжым, өндірушінің жауапкершілігі, өз ісіне деген сүйіспеншілік және тұтынушылардың жылдар бойы қалыптасқан сенімі тұр.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қарасай ауданы