Перейти к содержимому

Жемқорлыққа жол жоқ!

57 қаралым

Есік қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесуді Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кеңесшісі Бақытбек Сакалов ашып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызына тоқталды. Бақытбек Төлегенұлы қоғамда адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудың негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев, Мемлекеттік қызмет басқармасының басқарма басшысы Айзада Ерлан, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Айдана Нұрғалиева қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық құндылықтарын дәріптеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттары бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, іс-шараға квазимемлекеттік сектор ұйымдарының өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы тиімді тәсілдерді талқылады.

Іс-шараның маңызды әрі мазмұнды бөлігі — «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» интерактивті ойыны болды. Ойын барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, құқықтық сауаттылық, мемлекеттік қызметтегі әдеп талаптары және адалдық қағидаттарына қатысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.

Интерактивті формат қатысушылардың белсенділігін арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды тәжірибелік тұрғыда бекітуге мүмкіндік берді.

Іс-шара қорытындысында қоғамның әрбір мүшесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жауапкершілігі ерекше атап өтілді. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – мемлекеттік органдармен қатар, азаматтық қоғам, ұйымдар мен әрбір азаматтың ортақ міндеті екені айтылды.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Еңбекшіқазақ ауданы