Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Жылдамдықтың салдары – орны толмас өкініш

Жылдамдықтың салдары – орны толмас өкініш

3 қаралым

Жол үстінде бірнеше секунд үнемдеу кейде адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, бағдаршам талабын елемеу және көлік жүргізіп отырып телефонға алаңдау – жиі кездесетін қауіпті әрекеттер. Жаяу жүргінші де жол қозғалысының толыққанды қатысушысы екенін ұмытпаған жөн. Көше қиылысынан өтерде телефонға емес, жолдағы жағдайға назар аудару қажет. Жүргізушілер мектеп, аула және жаяу жүргінші өткелдері маңында жылдамдықты төмендетуі тиіс. Қауіпсіздік белдігін тағу қысқа қашықтықта да міндетті. Қолайсыз ауа райында көлік басқару кезінде ерекше сақтық қажет. Жолдағы мәдениет тек ережені білумен емес, оны күнделікті орындаумен қалыптасады. Әрбір жүргізуші рөлге отырған сәттен бастап өз өмірі мен өзгелердің тағдырына жауап береді. Жолда сабыр сақтаған адам өзіне де, өзгеге де мүмкіндік береді.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ