Перейти к содержимому

Тәртіпті қоғам құру маңызды

16 қаралым

Қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті сақтау – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі. Ұсақ құқық бұзушылыққа немқұрайды қарау кейін үлкен мәселеге ұласуы мүмкін. Сондықтан тұрғындар қоғамдық орындардағы тәртіпке жауапкершілікпен қарап, заңсыз әрекеттерге жол бермеуі керек. Қандай да бір құқық бұзушылықтың куәсі болған азамат тиісті органдарға хабарлай алады. Қауіпсіз орта қалыптастыру үшін полицияның жұмысы ғана емес, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы да қажет. Тәртіпті қоғам – жауапкершілігі жоғары азаматтардан құралады.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ