Перейти к содержимому

Отбасындағы ахуал – қоғамның айнасы

12 қаралым

Отбасы – адамның өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінетін ең жақын ортасы болуы тиіс. Алайда шаңырақтағы түсініспеушілік кей жағдайда жанжал мен зорлық-зомбылыққа ұласып жатады. Қорқыту, кемсіту, күш көрсету немесе психологиялық қысым көрсетуге ешбір жағдайда жол беруге болмайды. Мұндай жағдайды жасыру мәселені шешпейді, керісінше оның асқынуына әкелуі мүмкін. Әсіресе отбасындағы жанжалға балалардың куә болуы олардың психологиялық жағдайына кері әсер етеді. Сондықтан мәселе туындаған кезде жақын адамдардан, мамандардан немесе тиісті қызметтерден көмек сұраған дұрыс. Қиын жағдайға тап болған адам өзінің құқығын қорғауға толықтай құқылы. Көршілер мен туыстар да зорлық белгілерін байқаса, үнсіз қалмағаны жөн. Отбасындағы сыйластық пен өзара түсіністік берік қарым-қатынастың негізін қалайды. Зорлықсыз орта қалыптастыру – әр шаңырақтың берекесі үшін маңызды.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ