-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаевта жолаушы тасымалдайтын автобус саны артады

    10.11.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы
    Қонаевта жолаушы тасымалдайтын автобус саны артады
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қазіргі таңда шаһар ішінде 5 бағытта автобус қатынайды. Олар – №2, 3, 4, 7, 8 бағыттар. Жыл соңына дейін қалаішілік қоғамдық көлік қатары тағы 4 автобуспен толығады.

    Биыл ақпан айында №3 және №8 бағыттағы автобустар іске қосылған. №3 бағыттағы қоғамдық көлік «Строитель» саяжайынан шығып, Сейфуллин, Балхашская, Центральная, Фрунзе, Қойшыманов, Абай, Қонаев көшелеріндегі аялдамаларға тоқтайды. Содан соң автобус 8-10 ықшам аудандарынан өтіп, бағыттың соңғы нүктесі 12 шағын ауданға жетеді. Қоғамдық көліктің қайту жолы «Восточный» шағын ауданынан басталады. Аталған бағытта 1 ғана автобус қызмет етеді.

    №8 бағытының алғашқы нүктесі – 12-шағын аудан. Содан соң автобус «Восточный» ықшам ауданы арқылы бірнеше көшені басып өтіп, соңғы нүктесі – 64192 әскери бөліміне тоқтайды.

    Бұл бағыттардан бөлек, шаһар маңындағы елді мекендерге қатынайтын Қонаев – Арна, Қонаев – Шеңгелді – Сарыбұлақ – Кербұлақ, Қонаев – Шеңгелді – Қосқұдық, Қонаев – Заречный автобустары халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Алдағы уақытта осы бағыттардағы автобустар санын арттыру жоспарланып отыр.

    Жалпы қалалық автопаркте 23 автобус бар. Оның 8-і биыл қолданысқа берілген. Жыл соңына дейін тағы 4 қоғамдық көлік сатып алынады. Барлық бағыттағы автобустармен жүру бағасы – 80 теңге, жолақысын электронды түрде төлеу үшін “Avtobys” қосымшасы орнатылған. Айта кету керек, №7 автобустың жүру интервалы – 15 мин, №4 автобус – 10 мин, №2 және №8 автобус – 30 мин.

    Сонымен қатар Қонаев қаласында Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектептің күрделі жөндеуден өтіп жатқанына байланысты 1 автобус балаларды оқу ошағына тасымалдап жүр.

    Гүлзат Байқонысова

    Ұсынымдар

    Абай облысындағы өрт оқшауланды

    Алматы облысының өрт сөндірушілері Абай облысынан қайтты

    2 years ago
    Мереке қарсаңында мәдениет үйі ашылды

    Мереке қарсаңында мәдениет үйі ашылды

    8 months ago
    Ауа тазалығы басты назарда

    Ауа тазалығы басты назарда

    2 years ago
    Қонаев әкімінің орынбасары тағайындалды

    Қонаев әкімінің орынбасары тағайындалды

    1 year ago
    Қайраткердің әділет тақтасы

    Қайраткердің әділет тақтасы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>