Әлеуметтік желілерде қысқа уақытта көп ақша табуды уәде ететін түрлі ұсыныстар кездеседі. Мұндай жарнамалардың артында алаяқтық схема немесе заңсыз қаржылық жоба тұруы мүмкін. Ақша салмас бұрын ұйым туралы толық ақпаратты тексеру қажет. Бейтаныс адамдардың сөзіне ғана сеніп, қаржы аудару дұрыс емес. Қаржылық сауаттылық – жеке қаражатты қорғаудың маңызды құралы.
Ерзат АСЫЛ