Перейти к содержимому

Саналы таңдау – сара жол

33 қаралым

Райымбек ауданы Сарыжаз ауылындағы кәсіптік-техникалық колледжінде облыстық дін істері басқармасының арнайы өкілі Мадияр Дүнгенбектің қатысуымен студенттерге арналған танымдық-ақпараттық кездесу өтті.

      Жастардың діни сауаттылығын арттыру – қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің, сондай-ақ түрлі жат ағымдардың алдын алудың маңызды тетігі. Осы мақсаттағы кездесуде студенттердің рухани танымын қалыптастыруға бағытталған өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Жиын барысында Мадияр Жанғазыұлы діни экстремизмнің алдын алу, жат ағымдардың арбауына түсіп қалмау жолдары, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен пайдалану және жеке өмірге қатысты мәліметтерді шектен тыс жариялаудың қауіптері жөнінде жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар ақпараттық гигиенаны сақтау, қайырымдылық жасау мәдениеті, күмәнді қорлар мен белгісіз тұлғаларға қаржылай көмек көрсетуде сақ болу қажеттігі туралы маңызды кеңестер айтты.

Кездесуде студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Басқарма өкілі жастардың рухани санасы мен цифрлық сауаттылығын қатар дамыту – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі екенін атап өтті.

Мұндай тағылымды кездесулер жастардың дұрыс дүниетаным қалыптастыруына, діни сауаттылығын арттыруына және ақпараттық кеңістікте саналы таңдау жасауына оң ықпал ететіні сөзсіз.

Ақерке БИЖАН

Райымбек ауданы