Перейти к содержимому

Колледждегі тәртіп қаралды

43 қаралым

         Жамбыл ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан прокуроры Азамат Сұртаев, комиссия мүшелері, құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

         Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Ықылас Амалбек төрағалық етті. Жиынның күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды. Атап айтқанда, колледждердегі оқу-тәрбие жұмыстары, білім алушылардың тұрмыстық жағдайы мен жатақханалардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы талқыланды. Сондай-ақ 2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстардың алдын алу жұмыстары сараланды.

         Комиссия отырысында Ұзынағаш медициналық колледжі мен Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік-техникалық колледжінің жауапты қызметкерлері білім беру орындарындағы оқу-тәрбие жұмыстары және білімгерлердің жағдайы жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар ювеналдық полиция өкілі аудандағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы