Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Цифрлық технологиялар білім саласында

Цифрлық технологиялар білім саласында

20 қаралым

Цифрлық технологиялар білім беру саласының мүмкіндіктерін кеңейтуде. Электронды оқулықтар, онлайн платформалар мен цифрлық ресурстар білім алуды жеңілдетеді. Оқушылар мен студенттер қажетті ақпаратты қысқа уақытта тауып, түрлі оқу материалдарын пайдалана алады. Жасанды интеллект те оқу барысында қосымша құрал ретінде қолданылуы мүмкін. Дегенмен дайын ақпаратты пайдаланумен қатар, оны талдап, түсіну маңызды. Мұғалімнің еңбегі мен цифрлық құралдардың мүмкіндігін тиімді ұштастыру білім сапасына әсер етеді. Цифрлық білім – болашаққа жасалған маңызды қадам.

Алтынай СЕЙІТКЕН

↑