Алматы облысында білім беру саласын цифрландыру оқушылар мен мұғалімдер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруда. Электронды білім беру ресурстары сабақтың мазмұнын байытып, ақпаратқа қолжетімділікті арттырады. Ал жасанды интеллект оқушының білім деңгейін талдап, оқу материалдарын жекелей ұсынуға мүмкіндік беретін технология ретінде қарастырылуда. Мұғалімдер үшін де цифрлық құралдар оқу процесін жоспарлау мен қосымша материалдар дайындауды жеңілдетеді. Алайда технологияны пайдалану кезінде ақпараттың дұрыстығын тексеру және цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды. Әсіресе балалардың интернеттегі қауіпсіздігі мен жеке деректерін қорғауға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Цифрлық сауатты ұрпақ – технологиялық өзгерістерге бейімделген қоғамның негізі. Сондықтан Алматы облысында білім мен цифрлық технологияны қатар дамыту болашаққа салынған маңызды инвестиция болып табылады.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
