Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алатаудың тазалығы – ортақ жауапкершілік

Алатаудың тазалығы – ортақ жауапкершілік

122 қаралым

Қаланың көркін сәулетті ғимараттар ғана емес, таза көшелер, жинақы аулалар мен жасыл желек те айқындайды. Тазалық – тұрғындардың мәдениеті мен туған жерге деген жанашырлығының көрінісі.
Алатау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қала аумағында сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, көгалдандыру шаралары қолға алынуда. Бұл жұмыстарға қала тұрғындары, жастар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен қоғам белсенділері атсалысуда.
Бағдарламаның басты мақсаты – тек айналаны тазалау емес, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Таза қала – ортақ еңбектің нәтижесі. Алатаудың көркеюі әрқайсымыздан басталады.

Роза ҮМБЕТОВА

Алатау қаласы

↑