Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін құқық бұзушылықтардың қатарына жатады. Мұндай әрекеттердің жолын кесу үшін құқық қорғау органдарының жұмысы мен азаматтардың жауапкершілігі қатар жүруі керек. Әсіресе интернет арқылы тыйым салынған заттарды таратуға қатысты қауіптерден хабардар болу маңызды. Әлеуметтік желілерде күмәнді ұсыныстарды кездестіргенде оларға араласпай, тиісті органдарға ақпарат берген жөн. Жастарға заңсыз әрекеттерге қатысудың құқықтық салдарын түсіндіру де үлкен мәнге ие. Алдын алу шаралары азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталуы тиіс. Заңсыз айналымға қарсы күрес – қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғаудың маңызды бөлігі.
Ерзат АСЫЛ
