Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Мемлекеттік аппараттағы ЖИ: өтініштерді өңдеуден бастап бизнеспен өзара іс-қимыл жасауға дейін

Мемлекеттік аппараттағы ЖИ: өтініштерді өңдеуден бастап бизнеспен өзара іс-қимыл жасауға дейін

174 қаралым

Мемлекеттік басқаруда ЖИ өтініштерді өңдеу, аударма жасау, хаттамалар дайындау және кеңес беру үшін қолданылады. Ұлттық жасанды интеллект платформасының 25 мың пайдаланушысы бар. Өтініштерді өңдеу бойынша ЖИ-көмекші 3,2 млн өтінішті қамтыды, зияткерлік кеңесшілер жауаптардың 2,5 млн жобасын дайындады.

Автоматты түрде хаттамалаудың көмегімен жиналыстардың 2 мың хаттамасы дайындалды, қауіпсіз ЖИ-аудармашыға 400 мың сұрату түсті. 1 251 мемлекеттік қызметші ЖИ көмегімен әзірлеуді (Vibe-coding) үйренді.

Цифрлық құралдар кәсіпкерлермен өзара іс-қимылда да қолданылады. Салықтық ЖИ-ассистент 34 мың сұрату алды, eGov Business пайдаланушыларының саны 35 мыңға жетті. eGov GPT арқылы 63 мың өтініш тіркелді.

2029 жылға қарай ведомствоаралық өзара іс-қимыл мерзімдерін 50%-ға қысқарту жоспарланған. Тағы бір бағдар — ЖИ қолдану есебінен мемлекеттік қызметшілердің операциялық жүктемесін 30%-ға дейін оңтайландыру.

Ranking.kz 

↑