Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі. Сондықтан шаңырақтағы сыйластық пен өзара түсіністікті сақтау қоғамның маңызды міндеті саналады. Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түрі адамның құқығы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты арттырып, отбасындағы жауапкершілікті нығайту қажет. Әрбір азамат зорлық-зомбылыққа бейжай қарамай, заңсыз әрекеттер туралы тиісті органдарға хабарлауы тиіс. Құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтердің бірлескен жұмысы зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Отбасындағы татулық пен қауіпсіздік орныққан жерде қоғамның да береке-бірлігі арта түседі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
