Ішімдікті шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына, отбасылық қарым-қатынасына және қоғамдық өміріне кері әсер етеді. Оның салдары кей жағдайда жанжалға, жол-көлік оқиғаларына және құқық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін. Сондықтан алкогольдің зияны туралы ақпаратты кеңінен таратып, алдын алу шараларын тұрақты жүргізу қажет. Әсіресе жастар арасында спортты, шығармашылықты және пайдалы әдеттерді насихаттаудың маңызы зор. Ата-аналар мен ұстаздар өскелең ұрпаққа жеке үлгі көрсетіп, салауатты өмір салтына баулуы тиіс. Әр азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болғаны жөн. Салауатты таңдау адамның өмір сапасын жақсартып, қоғам қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
