Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Таза Қазақстан»: Алатау қаласында күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан»: Алатау қаласында күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді

115 қаралым

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Алатау қаласында күзгі тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Қала көшелерінде жиналған, сарғайған жапырақтар тазартылып, қоғамдық орындар мен жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар ретке келтірілді.
Тазалық жұмыстары барысында аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолдарына ерекше назар аударылды. Күз мезгілінде ағаштардан түскен жапырақтардан тазарту жұмыстары жүргізіліп, қала аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар атқарылды.
Мұндай жұмыстар қаланың көркін сақтап қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тазалықты сақтау — баршаға ортақ міндет. Әрбір тұрғынның қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауы қаланың көркеюіне және экологиялық мәдениеттің қалыптасуына үлес қосады.


Роза ҮМБЕТОВА

Алатау қаласы

↑