Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Білім беру саласындағы ЖИ: жаңа мүмкіндіктер кезеңі

Білім беру саласындағы ЖИ: жаңа мүмкіндіктер кезеңі

125 қаралым

Жасанды интеллект білім беру үдерісін жетілдіріп, оқушылар мен мұғалімдерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр. Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі 2025–2026 оқу жылында ЖИ элементтерін мектептерге кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінен басталатынын хабарлаған. Сонымен қатар оқушыларға арналған Day of AI онлайн-курстары мен педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламалары әзірленген.

Жасанды интеллект күрделі тақырыптарды түсіндіруге, оқу материалдарын дайындауға және оқушының білімін бекітуге көмектесе алады. Алайда оның берген жауабын тексеріп, ақпараттың дұрыстығына көз жеткізу маңызды. ЮНЕСКО да білім беруде ЖИ-ді қолдану кезінде адамға бағдарланған тәсілді, тең мүмкіндіктерді және деректердің қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетеді.

Ерзат АСЫЛ

↑