Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері интернеттегі алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында азаматтарға интернет желісіндегі алаяқтықтың кең таралған тәсілдері түсіндіріп, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдарға банк картасының деректері мен SMS арқылы келетін растау кодтарын бермеу қажеттігін қатаң ескертті. Алаяқтардың түрлі айла-тәсілдерге баратынын жіті түсіндірді.
Сонымен қатар тұрғындарға алаяқтардан сақтану жолдары көрсетілген ақпараттық брошюралар таратылды. Осылайша полиция қызметкерлері азаматтарды жеке деректерін қорғауға, телефон арқылы хабарласқан бейтаныс адамдарға сене бермеуге және қаржылық операциялар кезінде мұқият болуға шақырады.
Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Ұйғыр ауданы

