Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру олардың тұлғалық дамуына және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Спорттық үйірмелер, шығармашылық сабақтар, еріктілік және қоғамдық жобалар жасөспірімдердің қызығушылығын арттырып, жаңа қабілеттерін ашуға көмектеседі.
Пайдалы орта адамның өмірлік ұстанымына әсер етеді. Достарымен бірге спортпен айналысу, мәдени іс-шараларға қатысу немесе жаңа білім алу жастардың уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасайды. Мұндай мүмкіндіктер зиянды әдеттерге әуестенудің алдын алуға да ықпал етеді.
Жастарға тек талап қойып қана қоймай, олардың бастамаларын қолдап, таңдау жасауына мүмкіндік беру қажет. Қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері және ата-аналар бірлесе жұмыс істегенде нәтижелі орта қалыптасады. Салауатты ұрпақ тәрбиелеу – баршаға ортақ міндет.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

