Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-ана, мектеп және қоғамның ортақ міндеті. Бала өзін үйде де, көшеде де, білім беру мекемесінде де қорғалған сезінуі қажет. Ол үшін балаларға қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын ерте жастан қалыптастырған жөн.
Ата-аналар балаларымен ашық сөйлесіп, кез келген қиындықты жасырмай айтуға үйретуі керек. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау, интернетте жеке мәліметтерді жариялау және қауіпті ұсыныстарға келісу мәселелері түсіндірілуі тиіс. Мектептерде де құқықтық тәрбие мен қауіпсіздік сабақтарына көңіл бөлген маңызды.
Баланың құқығын қорғау тек төтенше жағдай туындағанда ғана қолға алынбауы керек. Тұрақты түсіндіру жұмыстары мен үлкендердің үлгісі балалардың қауіпсіз ортада өсуіне ықпал етеді.
Құралбек СӘБИТОВ

