Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Заңды құрметтеу – қауіпсіз қоғамның негізі

Заңды құрметтеу – қауіпсіз қоғамның негізі

18 қаралым

«Заң мен тәртіп» қағидатының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары қорғалатын, қоғамдық қауіпсіздік сақталатын және әр адам өз міндетін түсінетін орта қалыптастыру. Бұл бағыт қоғамдық тәртіпті нығайтуды, қылмыстың алдын алуды және құқықтық мәдениетті дамытуды көздейді.
Қоғамдағы қауіпсіздік бір ғана мекеменің жұмысына байланысты емес. Құқық қорғау органдары, білім беру ұйымдары, отбасы және тұрғындар өзара әрекет еткенде ғана профилактикалық шаралардың нәтижесі артады. Интернет-алаяқтықтан сақтану, бөтеннің мүлкіне құрметпен қарау, есірткіден аулақ болу, жол ережелерін сақтау және алкогольді зиянды тұтынудың алдын алу – осы мақсатқа жетудің маңызды жолдары.
Заңға құрмет күнделікті әрекеттен көрінеді. Әр азамат өз құқығын біліп, өзгелердің құқығын сақтап, қоғамдық өмірге жауапкершілікпен қатысса, қауіпсіз әрі тәртіпті қоғам қалыптастыруға нақты үлес қосады.

Құралбек СӘБИТОВ

↑