Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Көшеде, қоғамдық орындарда және тұрғын үй аулаларында тыныштық пен тәртіптің сақталуы тұрғындардың құқықтық мәдениетіне де тікелей байланысты.
Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін полиция мен қоғам арасындағы байланыс нығаюы қажет. Күдікті жағдайларға бейжай қарамай, тиісті органдарға дер кезінде хабарлау көптеген келеңсіздіктің алдын алады. Сонымен қатар қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, өзгенің құқығына құрметпен қарау және заң талаптарын орындау – қауіпсіз ортаның негізі.
Қауіпсіз қоғам қалыптастыру әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Тәртіпке бағыну мен айналаға жауапкершілікпен қарау ортақ игілікке қызмет етеді.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

