Перейти к содержимому
Басты бет / Таза Қазақстан / «Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениеттің жаңа белесі

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениеттің жаңа белесі

40 қаралым

Сонғы жылдары елімізде қолға алынған ең ауқымды әрі маңызды бастамалардың бірі – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы. Бұл жай ғана көше тазалау немесе ағаш отырғызу шарасы емес, бұл – қоғамның экологиялық санасы мен мәдениетін түбегейлі өзгертуге бағытталған ауқымды қозғалыс.

Тазалық – өзіміз тұратын ауладан, көшеден және туған табиғатқа деген жанашырлықтан басталады. Акция аясында еліміздің барлық өңірлерінде мыңдаған тонна қоқыс шығарылып, саябақтар мен скверлер ретке келтірілуде. Әсіресе, жастар мен еріктілердің (волонтерлердің) белсенді қатысуы сүйсінтеді. Табиғатты қорғау сәнге айналып, жас ұрпақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды әдетке айналдырып келеді.

Экологиялық тазалық – тек физикалық ортаның тазалығы емес, ол – денсаулықтың, әл-ауқаттың және жарқын болашақтың кепілі. «Таза Қазақстан» бастамасы әрбір азаматты «бұл мекен – менің үйім» деген жауапкершілікке үндейді. Тазалықты сақтау науқандық жұмыс емес, күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс.

ТОҒЖАН ЖОЛДЫҒАЛИ

↑