Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Республика күнінде Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасына 1000 жаңа кітап сыйға тартылды

Республика күнінде Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасына 1000 жаңа кітап сыйға тартылды

30 қаралым

Республика күніне орай – 1000 жаңа кітап!

Республика күніне орай «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған республикалық «Саған кітап арнадым» акциясының нәтижесінде Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының кітап қоры 1000 жаңа кітаппен толықты.

Аталған кітапхана ұжымы игі бастамаға қолдау білдіріп, кітапхана қорына құнды әдебиеттерін сыйға тартқан баспаларға, Қазақстан Жазушылар одағына және Кітап палатасына шынайы алғысын білдірді. Сонымен қоса, кітапхана директоры Ғалия Тоқабаева мұндай қолдаудың ұлттық руханиятты дамытуға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және жас ұрпақтың білімді болашағына қосылған қомақты үлес екенін де атап өтті.

Кітап сыйлау – болашаққа мұра қалдыру, кітап оқу – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыру!

#КітапОқитынҰлт

#СағанКітапАрнадым

#РеспубликаКүні

#ЗерделіҰлт

#Алмаобл

↑