Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Банк қызметкері болып қоңырау шалған адамға сене бермеңіз

Банк қызметкері болып қоңырау шалған адамға сене бермеңіз

20 қаралым

Телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың қауіптілігі – қылмыскерлердің адамның сеніміне тез кіре алуында. Олар өзін банк қызметкері, полиция өкілі немесе қауіпсіздік маманы ретінде таныстырып, шоттағы қаражатқа қауіп төніп тұрғанын айтуы мүмкін. Осылайша адамды асығыс әрекет жасауға итермелейді.
Мұндай жағдайда әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми нөмірі арқылы өзіңіз қайта хабарласқан дұрыс. Ешкімге SMS арқылы келген кодты, құпиясөзді немесе банк картасының деректерін беруге болмайды. Сондай-ақ белгісіз адамның нұсқауымен ақша аударуға және телефонға қашықтан басқару бағдарламасын орнатуға келіспеген жөн.
Алаяқтар көбіне қорқыныш пен асығыстықты пайдаланады. Сондықтан кез келген күмәнді қоңырауға сабырмен қарап, ақпаратты тексеру қажет. Қаражатты қорғаудың алғашқы қадамы – жеке деректердің құпиялығын сақтау.

АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

↑