Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Жаяу жүргінші де жол ережесін сақтауы тиіс

Жаяу жүргінші де жол ережесін сақтауы тиіс

27 қаралым

Жол қауіпсіздігі туралы айтқанда, көбіне жүргізушілердің жауапкершілігіне назар аударылады. Алайда жаяу жүргіншілердің де қауіпсіздік ережелерін сақтауы маңызды. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, бағдаршамға қарамау немесе телефонға алаңдау қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін.
Әсіресе кешкі уақытта және ауа райы қолайсыз кезде жолда мұқият болған жөн. Жүргінші жолдан өтпес бұрын көліктердің қозғалысын бағалап, белгіленген өткелді пайдалануы керек. Балаларға жол ережесін түсіндіруде ата-ананың жеке үлгісі ерекше мәнге ие.
Қауіпсіз қозғалыс – жүргізуші мен жаяу жүргіншінің ортақ жауапкершілігі. Әрқайсысы өз міндетін орындағанда ғана жолдағы қауіп-қатерді азайтуға болады.

ҚҰРАЛБЕК СӘБИТОВ

↑