Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Құқықбұзушылықтың алдын алу – жазадан бұрынғы қадам

Құқықбұзушылықтың алдын алу – жазадан бұрынғы қадам

26 қаралым

Құқықбұзушылықпен күресте оқиғаның салдарын жою ғана емес, оның алдын алу да маңызды. Азаматтарға заң талаптарын түсіндіру, қауіп-қатерді ерте анықтау және қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету құқықтық тәртіпті нығайтуға көмектеседі.
Бұл бағытта мемлекеттік органдармен қатар білім беру мекемелері, қоғамдық ұйымдар және тұрғындар да белсенділік танытуы қажет. Жасөспірімдермен жүргізілетін профилактикалық кездесулер, интернет қауіпсіздігі туралы түсіндірулер және отбасыларға көрсетілетін қолдау құқық бұзушылықтың себептерін азайтуға ықпал етеді.
Заң мен тәртіп қағидаты әр азаматтың күнделікті өмірінде көрініс табуы керек. Құқықтық сауаттылық артқан сайын адамдар өз құқығын қорғап, міндетін орындауға жауапкершілікпен қарайды.

АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

↑