Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – мемлекет пен азаматтардың ортақ міндеті. Әрбір тұрғын заң талаптарын сақтап, айналасындағылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуі тиіс. Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін полиция мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысы ғана емес, тұрғындардың белсенділігі де маңызды. Күдікті жағдайларға бейжай қарамай, тиісті органдарға хабарлау арқылы көптеген келеңсіздіктің алдын алуға болады. Қауіпсіз әрі тәртіпті қоғам қалыптастыру әр азаматтың жауапкершілігі мен заңға деген құрметінен басталады.
Ерзат АСЫЛ

