Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Алатауда «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде: жасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда!

Алатауда «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде: жасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда!

130 қаралым

Алатау қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара 29–31 қазан аралығын қамтиды.

Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне төнуі мүмкін қатерлердің алдын алу.

Іс-шара аясында Алатау қаласы Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Полиция қызметкерлері түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүрген жасөспірімдерді анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Сонымен қатар жасөспірімдерге қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықбұзушылықтың салдары жөнінде профилактикалық әңгімелер өткізіледі. Ата-аналармен де түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бала тәрбиесіне, оның бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңды жауапкершіліктері ескертіледі.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мен олардың қауіпсіз ортада өсуіне жағдай жасау – полицияның ғана емес, ата-аналар мен бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан ата-аналарға балалардың қайда жүргенін, кіммен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін назарда ұстау маңызды.

«Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясындағы жұмыстардың басты бағыты – құқықбұзушылықтың салдарымен күресумен шектелмей, оның алдын алу, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту.

Басты міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және қала тұрғындары үшін тыныш әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.

Толқын ОДАШҚЫЗЫ

Алатау қаласы

↑