Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алатау қаласының Мансап орталығы Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді қолдайды

Алатау қаласының Мансап орталығы Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді қолдайды

128 қаралым

Алатау қаласы Мансап орталығының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдап, онда айтылған ел дамуының басым бағыттарын қолдайтынын білдірді.
Мемлекет басшысының Жолдауында халықты жұмыспен қамту, еңбек нарығын дамыту, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және цифрлық технологияларды кеңінен енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аса маңызды міндеттер.
Осы орайда Алатау қаласы Мансап орталығының негізгі мақсаты – тұрғындарды тұрақты әрі лайықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарға кәсіби бағдар беру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша мүмкіндіктер ұсыну.


Алатау қаласы – қарқынды дамып келе жатқан, болашақта мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылатын перспективалы шаһар. Сондықтан еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, жастарды кәсіптік білім алуға бағыттау және жұмыс берушілермен байланысты нығайту ерекше маңызға ие.
Сонымен қатар, цифрлық еңбек нарығын қалыптастыру арқылы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты жеңілдету, жұмыспен қамту қызметтерінің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру көзделеді.
Біздің басты мақсатымыз – әрбір тұрғынға еңбек етуге мүмкіндік беріп, тұрақты жұмысқа орналасуына қолдау көрсету. Себебі жұмыспен қамтылған халық – қаланың дамуы мен елдің өркендеуінің басты кепілі.
Алатау қаласының Мансап орталығы Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыруға өз үлесін қосып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Еркін СТАРШИНОВ,
Алатау қаласы Мансап орталығының басшысы

↑