Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Тәртіп тәрбие мен жауапкершіліктен басталады

Тәртіп тәрбие мен жауапкершіліктен басталады

85 қаралым

Қоғамдағы заңдылықты нығайту бір күнде қалыптасатын дүние емес. Оның негізі отбасында қаланады. Бала үлкендердің іс-әрекетіне қарап өседі. Үйдегі тәртіп, ата-ананың жауапкершілігі, үлкенге құрмет, кішіге ізет, адал еңбекке деген көзқарас – баланың болашақ азаматтық ұстанымын қалыптастыратын құндылықтар.

Сондықтан жас ұрпаққа заңды құрметтеуді үйрету – аса маңызды міндет. Мектеп қабырғасында құқықтық сауаттылықты арттыру, оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, құқықбұзушылықтың салдарын көрсету – болашақтағы көптеген мәселенің алдын алуға мүмкіндік.

Қазіргі ақпараттық технологиялар дәуірінде жастардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Әлеуметтік желілер мен түрлі онлайн платформаларда алаяқтық, жалған ақпарат тарату, кибербуллинг, бөтен адамның жеке мәліметтерін заңсыз пайдалану сияқты келеңсіз жағдайлар кездеседі. Мұндай қауіптердің алдын алу үшін әр азаматтың цифрлық сауаттылығы да жоғары болуы тиіс.

Нұргүл АБЫҚАНОВА, Тасашы орта мектебінің директоры

Кеген ауданы

↑