Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғам қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді. Сондықтан заңсыз есірткі тарату әрекеттерінің жолын кесу және оның алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуі тиіс. Бұл ретте құқық қорғау органдарының қызметімен қатар, ата-аналар мен ұстаздардың да жауапкершілігі жоғары. Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударып, олармен сенімді қарым-қатынас орнату маңызды. Есірткіге қарсы күрес – өскелең ұрпақтың өмірі мен болашағын қорғау.
Құралбек СӘБИТОВ

