Интернет пен цифрлық сервистердің кең таралуы ақпараттық қауіпсіздік мәселесін өзекті етіп отыр. Жеке деректерді қорғау үшін күрделі құпиясөздерді пайдаланып, оларды бөгде адамдарға бермеу қажет. Екі факторлы аутентификация аккаунттардың қауіпсіздігін күшейтетін маңызды құрал болып саналады. Күмәнді сілтемелерге өту және белгісіз файлдарды жүктеу интернет алаяқтардың әрекетіне ұрындыруы мүмкін. Жасанды интеллект арқылы жасалған жалған ақпарат пен бейнелерді де мұқият тексерген жөн. Цифрлық сауаттылық азаматтарға онлайн ортадағы қауіптерді тануға және жеке мәліметтерін қорғауға көмектеседі. Қауіпсіз интернет кеңістігін қалыптастыру әрбір пайдаланушының жауапкершілігіне байланысты.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

