-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Өкпе дерті өрши түскен

    12.01.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Өңір тынысы
    Өкпе дерті өрши түскен
    0
    SHARES
    39
    VIEWS

    Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында бүгін «Туберкулездің эпидемиологиялық ахуалы» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтті. Брифинг барысында Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәулет Қапсаламова туберкулез дертінің бүгінгі жағдайын баяндады.
    – Алматы облысында өткен жылы туберкулез дертінің 532 жағдайы тіркеліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға өсті. Сырқаттану деңгейі жағынан Балқаш, Іле аудандарының көрсеткіштері жоғары. Балалар арасында туберкулез дертіне шалдығу алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артса, жасөспірімдер арасында 9 жағдайға төмендеді.
    Өкпе туберкулезімен сырқаттанушылық былтырғы жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға өсті. Анықталған науқастардың 213 жағдайы, демек, 41,8 пайызы туберкулездің бактерия бөлетін түрін құрайды. Өкпе дертінен өткен жылы 10 науқас қайтыс болды. Туберкулезі асқынған 3 науқас Жамбыл, Іле, Қарасай аудандарында тіркелді.
    Бүгінгі таңда туберкулездің белсенді түрлерімен ауыратын 657 адам анықталды, оның ішінде 506 науқас амбулаторлық, 151 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Облыс бойынша емделуі қиын туберкулез түрлерімен 283 адам есепте тұр.
    Өткен жылы вираж және гиперергиялық реакциямен анықталған 12 742 бала толығымен диаскинтестпен тексеріліп, 77 бала химиопрофилактикалық ем қабылдауда. Флюорографиялық тексеруден өткізуге 570449 адам жоспарланып, оның 570440-ы, демек, 99,9 пайызы тексеруден өтті. Оның ішінде 177 науқаста «оң» нәтиже анықталды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда флюорографиялық жоспар 19,6 пайызға жоғары орындалды.
    Қазіргі уақытта туберкулез дертін тез анықтайтын GеnеXpert аппараты бар. Ондай 8 аппарат Жамбыл, Қарасай, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Іле, Ұйғыр аудандары мен Қонаев қаласының орталық ауруханаларында орнатылған. Былтыр молекулалық-генетикалық әдістермен 4246 адам зерттеліп, оның ішінде 375 (8,8 пайыз) адамда туберкулез дерті анықталды, – деді.

    Аталмыш дерттің қауіптілігін де атап өткен Сәулет Баймұхаметқызы туберкулез адамдармен тығыз қарым-қатынас кезінде ауа тамшылары арқылы тарайтынын, оның өкпені ғана емес, бүйрек, лимфа түйіндері, сүйек, көз, тері, миды зақымдайтынын айтты. Ауру белгілері адамның салмақ тастау, тершеңдік, кеуде қуысындағы ауырсыну, қан түкіру, әлсіздік және тез шаршау, ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуімен сипатталатынын жеткізді. Туберкулездің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, құнарлы тамақтанып, балаларға туған кезінде БЦЖ екпесін салдыру, жыл сайын флюорографиялық тексеруден өту, жеке гигиена ережелерін сақтау маңызды екеніне тоқталды. Ерте анықталған жағдайда кез келген ауруды емдеу жеңіл болатынын, ал асқынып кеткен жағдайда емдеу қиынға соғатынын, қазір көп адамның екпе салдыруға, манту жасатуға қарсы болып жататынын, оның соңы дерттің өршуіне әкеліп тірейтінін айта кетті. Өкпе дертінің өршуі әлеуметтік жағдайға да байлынысты екенін, адамның тұрмыс жағдайы, ішкен ас-ауқаты дұрыс болған жағдайда аурудың дес бермейтінін жеткізген Сәулет Баймұхаметқызы баспасөз мәслихаты барысында журналистер сауалдарына да жауап берді.

    Алма Есенбай,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Асы жайлауы мемлекет меншігіне өтті — AMANAT

    Асы жайлауы мемлекет меншігіне өтті — AMANAT

    1 year ago
    Ұстаздар есімі ұмытылмайды

    Ұстаздар есімі ұмытылмайды

    8 months ago
    Бас прокуратура: Мемлекетке 760 млрд теңгенің активтері қайтарылды

    Бас прокуратура: Мемлекетке 760 млрд теңгенің активтері қайтарылды

    2 years ago
    Үшем келді дүниеге

    Үшем келді дүниеге

    1 year ago
    Қазақстан президенті: Аралды қорғау қорына көбірек қолдау қажет

    Қазақстан президенті: Аралды қорғау қорына көбірек қолдау қажет

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.