Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Ішімдікке тәуелділік – отбасыға түскен салмақ

Ішімдікке тәуелділік – отбасыға түскен салмақ

55 қаралым

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, отбасындағы қарым-қатынасқа да кері әсер етеді. Кей жағдайда ішімдікке тәуелділік тұрмыстық жанжалға, құқық бұзушылыққа және әлеуметтік мәселелерге ұласады.
Бұл мәселені шешуде тек тыйым салу жеткіліксіз. Ең алдымен, тәуелділікке тап болған адамдарға психологиялық және медициналық көмек көрсетіп, олардың қалыпты өмірге оралуына жағдай жасау қажет.
Отбасы мүшелерінің қолдауы, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытты тиімді ұйымдастыру да алдын алу жұмыстарының маңызды бөлігі саналады.
Салауатты қоғам қалыптастыру әр адамның өз денсаулығы мен жақындарының болашағына жауапкершілікпен қарауынан басталады.

Құралбек СӘБИТОВ

↑