Мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуы азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты жеңілдетуде. Электрондық қызметтер арқылы тұрғындар көптеген өтініштерін қашықтан беріп, қажетті құжаттарды онлайн ала алады. Бұл уақытты үнемдеп, қызмет көрсету үдерісін оңтайландыруға көмектеседі. Қазақстанда eGov Mobile платформасы арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалану кеңінен таралып келеді. Ал жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруға енгізу азаматтардың сұраныстарын жедел өңдеуге және қызметтерді жеке қажеттіліктерге бейімдеуге мүмкіндік береді. Цифрлық жүйелердің тиімділігі ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауға да тікелей байланысты. Сондықтан технологиялық жаңашылдықпен қатар, азаматтардың цифрлық құқықтарын сақтау маңызды міндет болып қала береді.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

