Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Технология тиімділігін арттыру қажет

Технология тиімділігін арттыру қажет

29 қаралым

Бүгінде әлемде азық-түлікке деген сұраныс артып, климаттық өзгерістер мен су тапшылығы ауыл шаруашылығына жаңа талаптар қойып отыр. Осындай жағдайда жері құнарлы, табиғи мүмкіндігі мол Қазақстан үшін аграрлық әлеуетін толық пайдалану айрықша маңызды. Президент атап өткендей, жасанды интеллектіні ауыл шаруашылығына енгізу – болашақтың емес, бүгіннің міндеті. Өйткені технологияны тиімді пайдаланған шаруашылық қана уақыт пен ресурсты үнемдеп, өнімділікті арттыра алады.
Жасанды интеллектінің ауыл шаруашылығындағы мүмкіндігі кең. Мәселен, егістік алқаптарының жағдайын спутниктік бақылау, топырақтың ылғалдылығын анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау, суару көлемін автоматты түрде реттеу секілді тәсілдер шаруалардың жұмысын жеңілдетеді. Бұрын тәжірибе мен болжамға сүйеніп қабылданатын көптеген шешімді енді нақты деректер негізінде жүзеге асыруға болады. Бұл артық шығынды азайтып қана қоймай, әрбір гектар жердің өнім беру мүмкіндігін тиімді пайдалануға жол ашады.

Самат ЖАРЫЛҚАСЫН,

Қазыбек Шорманов атындағы орта мектептің мұғалімі

Райымбек ауданы

↑