Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алматы облысының тұрғынына сапасыз тауар үшін 42 мың теңге қайтарылды

Алматы облысының тұрғынына сапасыз тауар үшін 42 мың теңге қайтарылды

45 қаралым

Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өңір тұрғыны сапасыз тауарға, яғни құны 42 000 теңге болатын шырынсыққышқа қатысты шағыммен жүгінді.

Тұтынушының айтуынша, тауарды пайдалану барысында оның кемшіліктері анықталған. Осыған байланысты ол сатушыға төленген ақшалай қаражатты қайтару туралы талап қойған. Алайда мәселе өз шешімін таппаған соң, азамат өз құқықтарын қорғау үшін Департаментке жүгінген.

Департамент мамандары өтінішті қарап, сатушымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге жәрдем көрсетті.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде сатушы тұтынушыға тауардың толық құнын, яғни 42 000 теңгені қайтарды.

Департамент еске салады: сапасыз тауар сатып алған жағдайда тұтынушы Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген талаптарды сатушыға қоюға құқылы.

Даулы жағдайлар туындаған кезде азаматтар өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін аумақтық департаментке жүгіне алады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің

Алматы облысы бойынша сауда және

тұтынушылардың құқықтарын қорғау

департаментінің бас маманы Д.Сенбаева

↑