Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Alatau Hub-та IT-жобаларға арналған серверлік инфрақұрылым туралы онлайн-вебинар өтеді

Alatau Hub-та IT-жобаларға арналған серверлік инфрақұрылым туралы онлайн-вебинар өтеді

22 қаралым

25 қарашада Alatau Hub host24.kz компаниясымен бірлесіп «Идеядан іске қосуға дейін: IT-жобаға серверлік инфрақұрылымды қалай таңдау керек» деген тақырыпта онлайн-вебинарын өткізеді. Спикер – host24.kz өкілі Берік Бекмырзаев.
Көптеген IT-жобалар бір мәселеге тап болады: жарнама іске қосылғаннан кейін сайт баяулайды немесе мүлде ашылмай қалады, ал кейбір компаниялар пайдаланбайтын қуаттар үшін ай сайын артық төлейді. Мұның себебі көбіне біреу – серверлік инфрақұрылым жобаның міндеттеріне сай таңдалмаған.
Вебинарда спикер виртуалды хостинг, VPS және бөлінген сервердің айырмашылығын және олардың әрқайсысы жобаның қай кезеңінде қажет екенін түсіндіреді. Қатысушылар сервер сипаттамаларын – процессорды, жедел жадты және дискіні қалай түсінуді, сондай-ақ жобаға ресурстарды болжаммен емес, деректерге сүйеніп таңдауды үйренеді.
Вебинар стартаптар мен IT-жоба авторларына, әзірлеушілерге, кәсіпкерлерге және өз сайтын немесе онлайн-сервисін іске қосуды жоспарлап жүргендердің бәріне пайдалы болады.
Іс-шараға қатысу үшін Astana Hub платформасында алдын ала тіркелу қажет.
25 қараша, 11:00 Онлайн, Google Meet

Тіркелу сілтемесі: [https://astanahub.com/ru/event/alatau-hub-vebinar-ot-idei-do-zapuska]

«Алатау – Ақпарат»

↑