Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Өнер – ұлттың рухани қазынасы

Өнер – ұлттың рухани қазынасы

35 қаралым

Алатау қаласындағы Gate City тұрғын үй кешенінің маңында орналасқан №20 орта мектепте Өнер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды. Шығармашылық пен шабытқа толы шара оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың бойындағы қарым-қабілетмен талантты дамытуға бағытталды.
Онкүндіктің ашылу салтанатында мектеп дәлізінде оқушылардың суреттері мен қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар өнерлі оқушылар ән шырқап, күй тартып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жас таланттардың өнері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Мектеп директоры Сұлтан Данашұлы Жарқынбеков өз сөзінде өнердің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталып, мұндай шығармашылық шаралардың оқушылардың қабілетін шыңдауға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және рухани дамуына зор ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілеп, онкүндіктің жоғары деңгейде өтуіне тілектестігін білдірді.
Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан Өнер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Серікбек Асқарбекұлы Тоғызбаев онкүндік аясында алдағы уақытта түрлі шығармашылық байқаулар, шеберлік сағаттары мен ашық сабақтар өткізілетінін жеткізді. Оның айтуынша, басты мақсат – оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамыту және жас дарындарға қолдау көрсету.
Алдағы он күнде мектепте өнер мен шығармашылыққа арналған түрлі қызықты шаралар жалғасын таппақ.

Толқын ОДАШҚЫЗЫ


Алатау қаласы

↑