Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның еңбек қабілетін төмендетіп, отбасылық қатынастарды ушықтырады және өндірістік не тұрмыстық жарақаттарға себеп болады. Мәселені ушықтырмай тұрып, ерте кезеңде алдын алу — ең тиімді шешім. Еңбек ұжымдарында салауатты өмір салтын қолдау, стресті басқару мәдениетін қалыптастыру және алкогольге тәуелділік белгілерін байқағанда уақытылы көмекке жүгіну жеке адамның да, қоғамның да амандығын сақтайды.
ҚҰРАЛБЕК СӘБИТОВ

