Қазіргі ақпараттық заманда кітап оқу адамның терең ойлау және ақпаратты саралау қабілетін дамытудың тиімді жолы болып қала береді. «Кітап оқитын ұлт» марафоны тұрғындардың кітапқа деген ынтасын арттырып, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Әр оқылған шығарма адамның дүниетанымына жаңа көзқарас қосып, рухани дамуына ықпал етеді. Сондықтан кітап оқуды уақытша қызығушылық емес, тұрақты өмірлік әдетке айналдыру маңызды.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

