Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / Төлебек Құлекеев Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды

Төлебек Құлекеев Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды

49 қаралым

Алматы облысы әкімінің өкімімен Төлебек Болатұлы Құлекеев 2026 жылғы 26 қарашадан бастап Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына арнайы тексерудің қорытындысын алғанға дейін қабылданды.

Төлебек Болатұлы 1993 жылы туған, білімі жоғары, 2015 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң университетін «экономика» мамандығы, 2025 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетін «агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары «Самұрық-Қазына корпоративтік университеті» ЖММ Аутсорсинг секторының консультанты, «СП «Қорғау инжиниринг» ЖШС-ның әкімшілік басқармасының экспедиторы,  техникалық басқармасының менеджері, инженері,  «МАЭК-КАЗАТОМПРОМ» ЖШС-ның абоненттік секторының наразылық таныту бойынша тобының заң кеңесшісі, Жамбыл облысы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универститеті» КеАҚ-ның активтерді басқару департаментінің менеджері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаменті агромелиорация басқармасының бас сарапшысы, қаржылық құралдар және микрокредит беру департаментінің микрокредиттің берілуін мониторингтеу басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2026 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін «ALMA6» ЖШС-ның директоры лауазымында қызмет атқарған.

↑