Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алматы облысында 4000-нан астам байқаушы сайлау барысын қадағалауда

Алматы облысында 4000-нан астам байқаушы сайлау барысын қадағалауда

42 қаралым

Сайлауда байқаушы болудың маңызы зор. Саяси науқанның әділ өтуін, ал депутат болып лайықты адамдар келгенін қалайтын Қазақстанның кез келген азаматы сайлау учаскесіне байқаушы болып тіркеліп, сайлау барысын қадағалай алады. Оның бұл құқығы заңмен бекітілген.

Алматы облысындағы аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенер болсақ, 683 сайлау учаскесінде 1278 коалиция мүшесі, «Әділет» партиясынан 1278 байқаушы, сондай-ақ өзге де партиялар атынан 1590 байқаушы дауыс беру үрдесін бақылауда.
Бүгін Алматы облысында 1 056 474 адам өз таңдауын жасай алады, оның ішінде кәмелет жасына толған 8 296 азамат алғаш рет сайлауда дауыс беру құқығына ие болды.
Айта кетейік, өңірде таңғы 7:00-ден бастап 683 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

Суретті түсірген – Аслан ҚАЖЕКЕ

Ерзат АСЫЛ

↑